Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Абсолютті (таза) монополия – бұл салалық ұсыныстың барлық көлемін бір ғана сатушы қамтамасыз ететін нарықтың жағдайы.

Монополияның пайда болуы салаға кіру тосқауылдарының орын алуымен шартталады, олардың рөлі өндіріс ауқымының едәуір оң тиімділігінен, ерекше құқықтар арқылы, өндірістің аса маңызды деген факторларына бақылау жасаудан көрінеді.

Монополиялық биліктің пайда болу себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері бар: а) жабық монополия – бәсекелестіктен ерекше құқықтармен қорғалған нарықтық жағдай; ә) ашық монополия – уақытша сипатқа ие болатын және бәсекелестіктен қорғалмаған нарықтық жағдай; б) табиғи монополия – өндіріс ауқымының тұрақты оң тиімділігіне ие болушы монополия; в) монопсония – сатып алушының монополиялық билікке ие болу жағдайы.

Монополиялық фирманың нарықтық билік жүргізуінің көзі болып нарыққа бақылау жасай алу табылады, ол нарықты бақылау арқылы өзінің өндіріс көлемін реттей отырып нарықтық бағаға әсер ете алады.

Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан, монополист өндірістің кез-келген көлемін таңдай алады.

Пайданы максимизациялау ережесіне жүгіне отырып, монополист шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болғандағы өндіріс көлемін таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының көлбеулігін ескере отырып монополист бағаны бір өнімге кететін шекті шығындардан жоғары етіп тағайындайды, яғни осы баға оның өніміне деген сұраныс икемділігіне кері пропорционалды олып табылады.

Монополисттің өндіріс көлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының сипатын анықтайтын сұраныс икемділігінің өзгеруіне байланысты болса, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында арақатынас орын алмайды, сондықтанда монополия жағдайында ұсыныс қисығы болмйды.

Әр түрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс көлемі жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда төмен, ал бір өнімге деген монополиялық баға жетілген бәсекелес фирманың бағасына қарағанда жоғары болып табылады, осының салдарынан қоғамдың әл-ауқаты төмендейді.

Монополия жағдайында ресурстарды бөлудегі (нарықтық бағалар өндірістің шекті шығындарынан жоғары) және қолданудағы (өндірістің орташа шығындары оның минималды деңгейінен жоғары) тиімсіздіктің орын алуы монополияланған нарықтарға мемлекеттік реттеу жүргізуді талап етеді.

Монополиялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу салалық ұсынысты ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады және ол монополиялық әрекеттерді жоюға бағытталған құқықтық нормалар, монополияның нарықтық билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейтін экономикалық іс-шаралар сияқты әдістер арқылы жүргізіледі.

  • Один правильный ответ. 1. Вещество Ниссля (базофильная субстанция, тигроид) – это:
  • СОБЫТИЯ, рассказанные Габриэлем Беттереджем, дворецким леди Джулии Вериндер 7 страница
  • Stylistic functions of conversational (low-flown) words
  • Аргументы против рыночной экономики.
  • День 7: проверка
  • Автомобили, предлагаемые фирмой «Феникс-Минус » на 27.05.2005
  • МЕТОДЫ И ФОРМЫ РЕГУЛИРОВАНИЯ МЕЖБЮДЖЕТНЫХ ОТНОШЕНИЙ
  • Ю. А. ПРИВЕЗЕНЦЕВ, В. А. ВЛАСОВ 35 страница
  • Воздушный шар успеха
  • Эталон ответа к билету №15
  • СВАДЬБА-MACКАРАД
  • Механизм образования и выведения мочи.
  • МОСКОВСКИЙ ГОРОДСКОЙ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ
  • Ишемия головного мозга и ее компенсация
  • Обмен Инь/Ян Перед обменом энергиями оба партнера постепенно вытягивают энергию вверх к точке Байхуэй, к макушке головы
  • Второй этап. При удачном развитии событий организация (фирма) продол­жает расти и увеличиваться и
  • Определенный интеграл. Примеры решений
  • МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ 18 страница
  • Formation of a contract
  • Поднимайтесь по лестнице Рейки вместе с богом, используя целительную эманацию Рейки